Осы сайтты пайдалана отырып, сіз оны сізге ыңғайлы етуге көмектесетін cookie файлдарын пайдалануға келісім бересіз. Толығырақ
Қабылдау және жабу

Ойлау-дизайнының 5 ережесі

Ойлау-дизайны кезінде қатысушылар бес қарапайым ережені басшылыққа алады. Ол ережелер әдістің мәнін түсінуге және процестің мағыналы ісін қолдауға өте жақсы көмектеседі.
01. «Ертерек қателес, жиі қателес» немесе «Толық себет» ережесі
01. «Ертерек қателес, жиі қателес» немесе «Толық себет» ережесі
Томас Эдисон: «Мен қателескен жоқпын. Мен тек жұмыс істемейтін 10 тәсілді таба білдім»
Себеттегі қоқыс мөлшері жұмыс процесінің тиімділігінің көрсеткіші болып саналуы мүмкін. Команда неғұрлым көп қателік жіберсе, ең тиімді шешім соғұрлым тезірек табылады.

02. Бір прототип мың сөзден тұрады
02. Бір прототип мың сөзден тұрады
Ойлар — материалдық емес және жақсы идеяны талқылау оны іске асырғанға дейін бұзып жіберуі мүмкін. Сондықтан ойлау-дизайнының практиктері идеяны дереу жүзеге асыруға кеңес береді — оны қағазға сызып немесе қолда бар заттардан құрастырып жіберсең де жетіп жатыр. Ең бастысы, ол «жұмыс істеуі» керек.
Әдістемелік материалдар
Wonderfull зертханасының оқу материалдарын жүктеп алыңыз, бұл сізге әдіс туралы түсінік беріп, оны сіздіңкомандаңызда қолдануға септігін тигізеді.
03. Ең алдымен — пайдаланушыдан сұрау
03. Ең алдымен — пайдаланушыдан сұрау
Сөйтіп қолда бардан жасалған прототипті «өріске» кіргізіп, осы шешім арналған адамдардың алған алғашқы әсерін түсіріп алу.
04. Бірге жаса!
04. Бірге жаса!
Ко-дизайн — ағылшынша co-design, «бірлескен жобалау»
Түсінбеушілік, процесті кешіктіру және адамдардың күткеніне сәйкес келмейтін шешім шығару қаупін азайту үшін жаңа идеялар әртүрлі бөлімдерден пәнаралық топта құрыла бастайды. Инженерлер, маркетологтар, сатушылар мен дизайнерлер бірден бірге, жұмыла жұмыс істей бастауы керек. Бірақ бұл процеске тек әріптестерді ғана тартпау керек. Өйткені ойлау-дизайны бұл адамға бағытталған тәсіл, сондықтан соңғы пайдаланушылар мен сатып алушылармен бірлесіп жобалау — міндетті тәжірибе.

05. «Иә, енді..!»
05. «Иә, енді..!»
«Иә, сонымен бірге былай да істеуге болады...»
Инновацияларды қолдау және енгізу процесіндегі ең маңызды ережелердің бірі. Бұл дегеніміз, бір адам жаңа идеясын айтып жатқан кезде оны ешбір жағдайда қатты сынауға болмайды. Әсіресе оның идеясы сізге мүлдем нашар болып көрінсе. Ең алдымен, идея авторын қолдауға тырысыңыз және оны дамытуға мүмкіндік беріңіз. Идея соншалықты жақсы болмаса да, алаңдамаңыз. Жақында, оны жүзеге асырудың келесі қадамында бастамашының өзі оның өміршең еместігін түсініп, жаңа тәжірибе жинақтап, сіз де, оның қорғаушысы да бұрын сіздің ойыңызға келмеген ерекше және шынымен тиімді шешімге келе алады.

«Ойлау-дизайны, жеке мен үшін — басқаны түсіну арқылы өзімді түсіну тәсілі. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндігінше маңызды. Басқа адамды және оның қажеттіліктерін түсіну бізге біз ойлағаннан да көп нәрсе береді.

Бұл біздің өнімімізді пайдаланушыларға пайдалы етіп қана қоймай, сонымен қатар өзімізді жеке тұлға ретінде, команда ретінде, компания ретінде түсінуге мүмкіндік береді, сондықтан саналы әрекетті шабыттандырып, ынталандырады»
Design Thinking Center, Asia басқарушы директоры. Ойлау-дизайнының фасилитаторы және зерттеуші.
Илай Бексултан
Design Thinking Center, Asia жаңалықтарына жазылу
Клиенттік тәжірибеге бағытталып, өнімдер мен қызмет көрсетуге арналған материалдар, оқиғалар, құралдар, әдістер және курс хабарландырулары
Жазылу арқылы сіз құпиялылық саясатымен келісесіз және жеке деректерді өңдеуге рұқсат бересіз
Made on
Tilda