Используя данный сайт, вы даете согласие на использование файлов cookie, помогающих нам сделать его удобнее для вас. Подробнее
Принять и закрыть

Ойлау-дизайны

Адамға бағытталған өнімдер мен қызметтерді құру тәсілі. Әдістеме жұмыс процесін ұйымдастыруға көмектесетін құралдар жиынтығына негізделген, осылайша жұмыс нәтижесі пайдаланушы сценарийіндегі мәселелерді шешуге көмектеседі.
«Ойлау-дизайны орталығы» жаһандық платформасының директоры, Wonderfull зертханасының негізін қалаушы.
01. Ойлау-дизайны деген не?
01. Ойлау-дизайны деген не?
Жоба «Біздің жұмысымыздың өнімі кімге пайдалы болады?» деген сұрақтың айналасында өрбиді
Әдістеме жұмыс процесін ұйымдастыруға көмектесетін құралдар жиынтығына негізделген. Осылайша жұмыс нәтижесі пайдаланушы сценарийіндегі мәселелерді шешуге көмектеседі.

Ойлау-дизайны (ағылш. Design Thinking) — бұл «ойлаудың» жеке тәсілі немесе ақыл-ой жаттығуларының жиынтығы емес — өнім тобының немесе бүкіл бизнестің қызметін ұйымдастыруға деген көзқарас.

Ойлау-дизайны адам-центристік жобалау әдістеріне жатады (Human-Centered Design). Сондықтан өнімді топтың жұмысы Адамның проблемаларын немесе оның іске асыра алмаған мүмкіндіктерін шешуге негізделген.

Жоба «Біздің жұмысымыздың өнімі кімге пайдалы болады?» деген сұрақтың айналасында өрбиді.
02. Ойлау-дизайнының процесі
02. Ойлау-дизайнының процесі
Ойлау-дизайны — бұл тез және пайдалы әрекеттер тәжірибесі. Оның айрықша белгілері:
1
шешімдерді пайдаланушылармен үнемі байланыста болу және олардың өніммен өзара әрекеттесу тәжірибесіне ену;
2
гипотезаны қалыптастырудың алғашқы кезеңінде прототиптеуді қолдану;
3
өнімді құру циклі бойынша қысқа қайталану қозғалысы;
4
идеяларды ең үнемді тәсілдермен тексеру.
03. Процесс HR бөлімшесінің жұмысында қалай көрінеді?
03. Процесс HR бөлімшесінің жұмысында қалай көрінеді?
Онбординг кезеңінде қызметкерлердің тәжірибесін жақсартқымыз келеді делік. Демек компанияның жұмыс ортасына бірінші болып кіру.
Ойлау-дизайнын кезең-кезеңімен өтсек:

Эмпатия.
Қызметкерлердің тәжірибесін жақсарту үшін оны зерттеу керек. Онбордингтің жағымды және жағымсыз оқиғаларына ену, осы ену кезеңінен өтпегендермен және компаниядан кеткендермен, сонымен бірге қалған адамдармен қарым-қатынас ортану. Сөйтіп бар жиналған түсініктер кейінгі идеяларды қалыптастыруға негіз болады.
Негіздеу.
Әр түрлі деңгейдегі қызметкерлермен олардың онбординг тәжірибесі туралы 7−10 рет әңгімелескеннен кейін, HR-командасын жинап, бақылауларды біріктіріп, одан әрі жұмыс істеудің негізін таңдау керек. Дұрыс қойылған сұрақ пен қызметкерлердің дұрыс құрылған мәселелері — оны тиімді шешудің кепілі.

Идеяларды қалыптастыру.
Әңгімелесіп сөйлескен адамдарды идея қалыптастыруға шақырыңыз. Онбординг кезеңдегі қызметкерлердің жақсы тәжірибесі үшін шешімдерді әзірлеу процесі неғұрлым ашық және тартымды болса, соғұрлым бұл шешімдер тұрақты болады. Оны компанияға одан әрі енгізу мен бекіту мүмкіндігі де жоғары.
Идеяларды таңдау.
Бұл кезеңді «Идея қалыптастыру» кезеңінен бөліп қараңыз. Идея әзірлеумен шектелмеңіз. Бірақ бірнеше негізгі тақырыпты/идеяны мұқият таңдаңыз. Жылдам тексеруге және жылдам енгізуге болатын біреуін таңдаңыз. Бұл жерде жылдам шешім қабылдаған маңызды. Неғұрлым тезірек іске кіріссңіз, бастапқы шешімдерді соғұрлым тезірек итерациялауға және жақсартуға болады.

Прототиптеу.
Бұл — ойлау-дизайнының ерекше маңызды кезеңі! Енді нақты жұмыс ортасында алдында ойластырған идеяларды еш қиындықсыз және үнемді түрде тексеруге көмектесетін үлгілерді, яғни прототиптерді жетілдіруге тырысыңыз. Прототиптеу сонымен қатар бастапқы жоспарыңызды айтарлықтай өзгертуге және жақсартуға көмектеседі.

Тестілеу.
Бұл ойлау-дизайнының міндетті кезеңі. Тестілемесең — іске аспайды. Қызметкерлермен бірге істеген тест ненің жақсы жұмыс істейтінін және ненің одан да жақсы екенін көрсетеді. Нені қосуға болады және не нәрсе артық екенін білесіз. Содан кейін қызметкерлер үшін онбордингтің ең жақсы шешіміне ие боласыз.

Іс жүзінде бірінші кезеңнен — «Эмпатия» кезеңінен бастаудың қажеті жоқ екенін ескеріңіз. Процесс тізбектің кез келген жерінде басталуы мүмкін. Ойыңызға бір идея келуі мүмкін. Содан кейін ғана оның жұмыс істей алатынын тексеру үшін пайдаланушыларға барасыз. Немесе пайдаланушыларға шынымен не қажет екені туралы басыңызға кенеттен тың ой пайда болған кезде, бұрыннан бар өнімді тестілеуден өткізесіз. Бұл мүлдем жаңа шешім, тіпті жаңа бизнес болуы да мүмкін. Егер біз әрдайым рет-ретімен әрекет етсек, онда уақыт пен ресурстарды үнемдеуге қол жеткізу екіталай.
Егер біз әрдайым рет-ретімен әрекет етсек, онда уақыт пен ресурстарды үнемдеуге қол жеткізу екіталай.
«Зерттеу», «Тестілеу» және «Прототиптеу» кезеңдерін біріктіруге болады. Ірі жоба адамдармен сұхбат жүргізіп қана қоймай, кең зерттеу кезеңінен басталуы мүмкін. Ол сонымен қатар өнімнің алғашқы гипотезаларын және кәсіпкердің немесе жетілдіру тобының жаңа шешімдерін де тексереді.

Ойлау-дизайны әдісінің тартымдылығы оның экстремалды икемділігінде және дәстүрлі түрде тек рет-ретімен істелінеді деп қабылданатын бірнеше тапсырманы қатар орындай алуында жатыр.

04. Ойлау-дизайны Қазақстанда қашан пайда болды?
04. Ойлау-дизайны Қазақстанда қашан пайда болды?
Экономикалық дағдарыс компанияларды жаңа жобалау әдістерін іздеуге итермеледі.
Әлемдік дизайн аренасында бұл әдістің алғашқы үлкен қойылымы 2005 жылы Давостағы Халықаралық экономикалық форумда өтті. Дәл сол кезде осы әдістің негізін салушылары мен ең белсенді промоутерлері, IDEO компаниясы, инновация мәселелері, жаңа шешімдерді әзірлеуге адамға бағытталған және жауапты көзқарас, сондай-ақ дизайн бірінші орында тұрған бизнес-стратегиялардың экономикалық артықшылықтары талқыланған әлемдік экономикалық қоғамға өз секциясын ұсынды.

2022 жылы Design Thinking Center, Asia құрылды — бұл жаһандық білім беру орталығы, зерттеу, тәжірибе алмасу және ойлау-дизайны бойынша оқыту алаңы. Біз борышымыз — Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Орталық Азияның басқа елдерінен келген командаларды өз компанияларында жұмыс істеу үшін адамға бағытталған тәсілді қолдануға шабыттандырып, сол әдісті береміз.

05. Ойлау-дизайны не үшін керек?
05. Ойлау-дизайны не үшін керек?
Эмпатия, адамға назар аудару және пайдаланушылардың өмірлік сценарийіне ену сервис индустриясында үлкен сұранысқа ие. Мұнда бизнестің өміршеңдігі клиенттерді түсіну дәрежесіне тікелей байланысты.
Бізде де, әлемдік тәжірибеде де ойлау-дизайны бірнеше салада тығыз қалыптасқан:
1
Жаңа өнім шығару мен қызмет көрсету саласында.
Бастапқыда бұл әдіс нақты шешімдерді құрудың тиімді тәсілі ретінде пайда болды және дамыды. Өйткені дизайн — заттар, кеңістік және адамдардың өнімдермен өзара әрекеттесуі туралы. Икемді әдістемелелер бойынша жұмыс істейтін өнім шығару және қызмет көрсету топтарында ойлау-дизайны әдісін енгізу ең тиімді болып шықты. Мысалы, Scrum фреймворкін қолданады. Ойлау-дизайны әсіресе жобалаушыларда, цифрлық қызмет әзірлеушілерде, R&D зертханаларында және жаңа өнімдерді дамытумен айналысатын бөлімдерде жақсы қалыптасады.
2
Ұйымдастырушылық және стратегиялық дамуда.
Ойлау-дизайны стратегиялық сессия өткізуде және компания позициясын тұжырымдауға таптырмас құрал.
Икемділік, ашықтық, жылдамдық және жаңа шешімдер жасауға болатын тапсырмаға сәйкестік — бұл әдістің барлық ерекшеліктері компаниядағы өнімнен тыс процесіне өте тартымды болып шықты. Стратегиялық жоспарлау мақсаты үшін бұл әдістің басты артықшылығы — оның нақты жылдам әрекеттерге бағытталуы. Кез келген стратегияның нақты тактикада өзіндік көрінісі бар екені белгілі. Мұндай «тактиканың» элементтері жылдам прототиптеу түрінде ойлау-дизайнын жаңа нәрседе барлық жарқын идея мен жасырын гипотезаларды тексеруге мүмкіндік береді. Мысалы, жиналыста отырып-ақ макет жасап, «майлықтарға сурет салу» түртіп алу тәжірибесі арқылы.
Икемділік, ашықтық, жылдамдық және жаңа шешімдер жасауға болатын тапсырмаға сәйкестік — бұл әдістің барлық ерекшеліктері компаниядағы өнімнен тыс процесіне өте тартымды болып шықты.

Ойлау-дизайны стратегиялық сессия өткізуде және компания позициясын тұжырымдауға таптырмас құрал.
Стратегиялық жоспарлау мақсаты үшін бұл әдістің басты артықшылығы — оның нақты жылдам әрекеттерге бағытталуы. Кез келген стратегияның нақты тактикада өзіндік көрінісі бар екені белгілі. Мұндай «тактиканың» элементтері жылдам прототиптеу түрінде ойлау-дизайнын жаңа нәрседе барлық жарқын идея мен жасырын гипотезаларды тексеруге мүмкіндік береді. Мысалы, жиналыста отырып-ақ макет жасап, «майлықтарға сурет салу» түртіп алу тәжірибесі арқылы.
3
Қызметкерлерді оқытудағы әдіс ретінде.
Корпоративтік оқытудың бүкіл заманауи құралдарының ішінде — ойлау-дизайны, солардың ең адами бағыттарының бірі шығар. Шаблон жаттығулардың орнына — кең құралдар жиынтығымен шығармашылық еркіндігін көрсету мүмкіндігі; тапжылмай отырып сценарий оқудың орнына — импровизация элементтері бар ыңғайлы бағдарлама және оқитындардың жетістіктеріне бейімделу; ал оқу жаттығуларын орындаудың орнына — компанияның алдында тұрған нақты және ең қиын сынақтарымен «тірі брифтермен» немесе «челлендж» жұмыс істеу.

Бұл бағдарламаның іргетасы — қатысушылардың әрқайсысының таланты мен шығармашылық энергиясын ашуға мүмкіндік беріп, шынымен стандартты емес, ерекше шешім қабылдауға әкеледі. Сондықтан болар, ойлау-дизайнын оқуда тәжірибе жасап жүргендер білім беру сессиясын «тренинг» емес, «шеберхана» деп атайды. Неге десеңіз, адамдар бұрыннан келе жатқан міндеттерге жаттықпай — болашаққа шешімдер қабылдауға тиіс.
«Дизайн-мышление — это способ подумать над задачей с разных точек зрения. С точки зрения пользователя, бизнеса или технологических возможностей.»
Основатель Лаборатории Wonderfull,
директор международной образовательной платформы Центр дизайн-мышления
Мария Сташенко
06. Ойлау-дизайнын меңгеру: сәттілік формуласы
06. Ойлау-дизайнын меңгеру: сәттілік формуласы
Өздеріңізге белгілі, егер бір нәрсені қатты қаласаңыз, онда ол міндетті түрде болады. Жаңа техниканы игеруге деген құштарлық, командалық рух, сондай-ақ жаңа идея іздеу жолында шын ниетпен қолдау шынымен революциялық өнім мен қызмет құруға мүмкіндік береді.

Компанияға ойлау-дизайнын енгізу үшін не қажет? Осы 4 ережені сақтауға кеңес береміз:
1
Өз ісін жан-тәнімен беріліп істейтін, айналасындағы адамдарды шабыттандыратын нағыз дизайн жетекшілерін командаға шақырыңыз.
2
Жоғары басшылықтың қолдауына ие болыңыз. Бұл сізге тәжірибе жасауға жол ашып, жаңа адамдарды тартуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
3
Сыртқы зертханалармен және жобалармен жұмыс істеңіз. Бұл жаңа бастамалардың тұрақты легін алуға және соңғы трендтерден хабардар болуға мүмкіндік береді.
4
Жаңа стратегияның жемісті екенін дәлелдейтін, жылдам жеңіске қол жеткізетін жоспар жасау. Ұзақ мерзімді мақсаттар, әрине, өте жақсы. Дегенмен оған жету үшін командаңызды шабыттандыратын және компания басшылығына «сіз дұрыс жолдасыз» деген сенімділік беретін шағын, бірақ басқаларға көрінетін нәтижелі әрекеттер қажет.
Өз кезегінде, практиктердің тәжірибесі көрсеткендей, аталмыш әдісті сәтті енгізу үшін назарыңызды мынадай маңызды сәттерге аударуыңыз керек:

Команда.
Команда сіздің бизнес-моделіңізді қалыптастыратын негізгі салалардағы нағыз мамандардан жиналғанына көз жеткізіңіз. Сату, әзірлеу, бағдарламалау, инженерия — барлық маңызды құзырет жұмыста «бір үстелде» жобасымен ұсынылуы керек.
Кеңістік.
Командаға күнделікті идеяларымен бір-бірімен алмасуы үшін барлығы бір бөлмеде жұмыс істейтіндей жағдай жасаңыз. Командаға ойлау-дизайнының тәжірибесіне дайындалған кеңістікті беріңіз. Ол жер жарық және кең болуы керек, қабырғаларға жұмыс флипчарттарын, стикерлер тақтасын және жүргізілген зерттеулердің фотосуреттерін орналастыруға болады.

Есіңізде болсын, бұл процесс көптеген қатені, итерацияларды және қайта өңдеуді қажет етеді. Сондай-ақ пайдаланушылармен тұрақты байланыс болады. Эмпатия және пайдаланушы тәжірибесіне ену — бұл процестің жеке кезеңі немесе белгілі бір «қызметкердің» жауапкершілігі емес, командада қандай лауазым немесе кәсіби рөл атқаратынына қарамастан, барлық топ мүшелерінің тұрақты белсенділігі. Маркетологтар ғана емес — сатушылар, жобалаушылар, технологтар, инженерлер және басшылар да өз гипотезаларын қазіргі немесе әлеуетті сатып алушылармен үнемі тексеріп отыруы керек.

Процесс.
Өткен тәжірибеге үнемі «қайта оралып», артқа жалтақтап, оның тиімділігіне әлі сене алмаған адамдарға ойлау-дизайны идеясын «сатуды» немесе икемсіз және ескірген ұйымдастырушылық тәжірибелердің кедергілерімен үнемі бетпе-бет келуді қажет етпестен, ойлау-дизайны процесіне өтуге мүмкіндік беріңіз.
Құралдар.
Команда мүшелеріне барлық қажетті жұмыс құралдарын беріңіз — зерттеу жүргізуге арналған әдістемелік карталарды, жылдам прототиптеуге арналған құралдарды (қағаз түрінде де, интерактивті түрде де). Жұмыс тәртібін немесе кеңсе интерьерін безендіру талабын сақтау мақсатында оны үнемі тазалап отырмай-ақ, өз атқарымдары мен тапқан олжасын сақтауға мүмкіндік беріңіз. Команданың ойлау-дизайны әдісі бойынша жұмысы дизайн студиясының жұмысын еске түсіреді. Қол асты саймандары, сонымен қатар шығармашылық шашылған заттар — тың идеяларды тез тауып, оны нақтылауда жемісті болмақ.

Поделиться:
Подписка на новости Design Thinking Center, Asia
Материалы, события, инструменты, методы и анонсы курсов для создания продуктов и услуг, ориентированных на клиентский опыт.
Made on
Tilda